«Көңілді Жаңа жыл» ертеңгілігі
26.12.2025
Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Ертеңгілік барысында мерекелік безендірілген ортада тақпақтарын айтып, би биледі. Аяз ата мен Ақшақардың қатысуы мерекенің сәнін келтіріп, балаларға ерекше қуаныш сыйлады.



